ПОДКАСТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ РЕТІНДЕ ТӘЖІРИБЕГЕ ЕНУ МӘСЕЛЕСІ

Авторлар

  • Аяулым Әбілда Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v63i2.941

Кілт сөздер:

қазақ тілі, әдістеме, подкаст, жаңа технология, аудио, оқыту, дидактика, интернет.

Аңдатпа

Білім беру үдерісіне қандай технологияларды енгізе аламыз? Біздің басты мақсатымыз - білім берудегі инновациялық технологиялар негізінде қазақ тілі сабақтарында подкаст технологиясын дидактикалық құрал ретінде пайдалану. Білім беруде жаңа технологияларды пайдалану өте маңызды. Соның ішінде подкаст қызметін қолдану тіл үйренуде тиімді құралдардың бірі. Сондықтан бұл қызмет оқыту технологиясы ретінде жеке қарастыруды қажет етеді. Подкаст – ұзынды-қысқалы серияларға біріктірілген, жүктеп алуға және онлайн тыңдауға болатын аудио жазбалар. Бұл мақалада подкаст технологиясының тәжірибеге ену мәселесі талқыланып, оны қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану және құрастыру жолдары қарастырылады. Білім саласындағы инновациялық технологиялар дегеніміз - тек техникалық құралдар ғана емес, сонымен бірге жаңаша әдістеме, білім берудің жаңа амалы.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-11

Журналдың саны

Бөлім

Статьи