ҚАЗАҚ ТІЛІН ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v62i1.888Кілт сөздер:
Қашықтан оқыту, шетелдік студенттер, қазақ тілін үйрету, онлайн-ресурс, тиімді бағдарламаАңдатпа
Ұсынып отырған мақалада шетелдік студенттерге
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен сабақты түрлендіру мәселесі қарастырылады. Осы технологияларды тиімді
қолдану арқылы біз шетелдік студенттердің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыра аламыз. Мақалада тіл үйренушіге алғашқы
сабақты үйрету тәсілдері және ол жерде қолданылатын түрлі ойындар мен тапсырмаларды жинақтап көрсетеміз. Атап айтатын болсақ, қазіргі кезде интерактивті жаттығулар жасауға арналған көптеген онлайн-ресурстар өте көп. Солардың ішінде
бізге қазақ тілін үйретуге жақсы келетін бағдарлама ол – Learning Apps. Сонымен қоса, қашықтан оқыту кезінде студенттердің сабаққа деген ынтасын арттыратын қызықты тапсырмалар жинағын
https://quizlet.com, https://docs.google.com/forms, https://www.menti.com бағдарламар арқылы да жасауға болады. Мақалада қазақ тілін шетелдік
азаматтарға үйрету кезінде қолдануға тиімді бағдарламалар ретінде осы жоғарыда айтылған бағдарламалар қарастырылды.