STUDY OF STUDENT’S ACADEMIC MOTIVATION SCALE
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v54i1.551Кілт сөздер:
білім беру, өзін-өзі анықтау теориясы, академиялық мотивацияАңдатпа
Оқуға деген қызығушылықты дамыту процесі, әсіресе, үлгерімі нашар оқушылар үшін өте қиын екені мәлім. Оқудағы сәтсіздіктер қызығушылықты, белсенділікті және тәуелсіздікті қалыптастырудың психологиялық кедергісін қалыптастырады. Оқу орындарының жетістігінің негізгі себебі - оқушылардың оқуға деген ынтасы. Егер оқушылар демотивацияланған болса, онда білім беру мекемелеріне айтарлықтай жетістікке жету өте қиын. Оқушылардың жетістіктерін алға жылжыту олардың оқу әрекеттерін мұқият бақылауға арналған процедуралар мен процестерді жүзеге асыруды талап етеді. Маңызды болғанымен, жақсы тәжірибе мен бұл тәжірибені қолдау үшін жеткілікті техникалық қолдаудың болмауына байланысты, бұл динамикалық процеске байланысты іс-шаралар көптеген білім беру ұйымдарында жүргізілмейді. Бұл зерттеудің мәні мектеп әкімшілігі үшін оқушылардың үлгерімінің төмендеуіне жол бермейтін шаралар қабылдау үшін оқушыларының мотивация деңгейін білу маңызды болып табылады. Мұғалімдерге қазіргі оқушылардың өзгеріп отыратын талаптарын қанағаттандыру үшін оқыту әдістерін жасауға қатысу қажет болуы мүмкін. Осы зерттеу жұмысында мотивацияны өлшеу әдісі зерттелді. Оқушылардың ынтасын өлшеу үшін академиялық мотивация шкаласы әдісі (AMS) қолданылды. Оған Eduway.kz LMS жүйесінде тіркелген 318 студент қатысты. Оның 263-і қыз, 55-і ер бала. Cronbach’s Alpha мотивация шкалаларының ішкі консистенциясын бағалау үшін пайдаланылды. Альфа мәндері 0,74-тен 0,83-ке дейін болды.