ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ШЕТ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ МОТИВАЦИЯ ТҮСІНІГІ
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v62i1.957Кілт сөздер:
мотивация, шет тілі, тілдерді оқыту, орта мектеп, жасөспірімдер, оқу мотивациясыАңдатпа
Андатпа. Табысты оқуға және академиялық жетістіктерге әсер ететін ең ықпалды факторлардың бірі-оқуға деген мотивация. Мотивацияның табысты оқытудың негізгі компоненттерінің бірі екендігі
бүкіл әлем бойынша көптеген зерттеулер арқылы анықталды. Өкінішке орай, барлық мұғалімдер өз оқушыларын ынталандыра алмайды. Бұл мақалада жасөспірім оқушылардың ағылшын тілін үйренуге ынталандыру мәселесі қарастырылады. Жасөспірімдер шақ өтпелі кезең болғандықтан, осы жастағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктерді зерттеуге және мұғалімнің тиісті әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы осы жастағы оқушылардың мінез-құлқы арқылы туындайтын қиындықтарды жеңудің мүмкін жолдарын табуға көп көңіл бөлінеді. Сондай - ақ, орта мектеп оқушыларының оқуға деген ынтасының
болмауының кейбір сыртқы себептері қарастырылады-оқу материалдарының мазмұны, оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, оқыту әдістері
мен тәсілдерін таңдау және т.б. мақалада осы мәселелерді шешудің бірнеше әдісі ұсынылған.