«ҚЫЗ ЖІБЕК» ЖЫРЫНДАҒЫ ЭТНОЛЕКСИКАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ

Авторлар

  • Шахниза Қабулова Автор
  • Хафиза Ордабекова Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v66i1.1258

Кілт сөздер:

этнолексика, этнолингвистикалық талдау, лингвомəдени талдау, тілдік ақпарат, мəдени ақпарат

Аңдатпа

Этнолексика – қазақ ұлтының тұрмыс-тіршілігі, тарихы мен мəдениетінің қазынасы. Қазақ халқының қалыптасу жолында түрлі дəуірлер мен кезеңдерде қалыптасқан этнолексиканың тарихы тереңде жатыр. Қазақ тіл білімінде этнолексиканы зерттеу академик Ə.Қайдар еңбектерінен бастау алады. Ғалым тілді дүниетанымдық, мəдениеттанымдық жəне этнолингвистикалық бағытта қарастырады. Себебі тіл өз бойында көптеген ақпараттарды сақтайды жəне басқалардың этнос жайында ақпаратты танып-білуіне септігін тигізеді. Мақалада «Қыз Жібек» жырындағы этнолексика бірліктерін парадигмалық тəсілдің негізінде тақырыптық жəне лексика-семантикалық топтарға топтастыру жұмысы жүргізілді. Соның ішінде зергерлік бұйым, қаружарақ, құс атауларына этнолингвистикалық жəне лингвомəдениеттанымдық тұрғыдан талдау жасалды. 

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-15

Журналдың саны

Бөлім

Статьи