ҮШ ОБЬЕКТІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРДЕЛІ МӘТІНДІ ЕСЕПТЕР
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v53i2.353Кілт сөздер:
есеп, қозғалысқа байланысты мәтінді есеп, бір бағыттағы қозғалыс, қарама қарсы бағыттағы қозғалыс, қозғалыс интервалы, екі қозғалушының бір біріне жақындауыАңдатпа
Мақалада, математика пәнін оқыту барысында маңызды роль атқаратын жалпы есеп мәселесі және оның ішінде мәтінді есептердің ең көп кездесетін түрі қозғалысқа байланысты есептер жайлы ой қозғалған. Жалпы, қозғалысқа байланысты есептердің көп бөлігі екі обьектінің бір бағыттағы немесе қарама қарсы бағыттағы қозғалысы жайлы болады. Ал, бұл мақалада қозғалысқа байланысты есептердің одан күрделі түрі біріншіден, үш обьектінің, екіншіден бір бағыттағы және қарама қарсы бағыттағы қозғалысының компоненттерін есептеудің тәсілдері туралы мәселе көтерілген. Мақала, бүгінгі және болашақ математика пәндері мұғалімдеріне арналған.