Математиканы қашықтан оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың мәні

Авторлар

  • Арайлым Зайтжанова SDU University Автор
  • Бақыт Сыдыхов SDU University Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/qm19rc12

Кілт сөздер:

функционалдық сауаттылық, математика, қашықтан оқыту, цифрлық сауаттылық

Аңдатпа

Математиканы қашықтан оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығы – математикалық білімді, цифрлық дағдыларды, сыни ойлауды, дербестік пен коммуникацияны біріктіретін күрделі құбылыс, ол оқушыларға заманауи жағдайларға тиімді бейімделуге және математиканы әртүрлі жағдайда қолдануға мүмкіндік береді. Зерттеудің өзектілігі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал ететін факторларды анықтау және математика пәнінен қашықтан оқытудың тиімділігін арттыру қажетті шешімдерді ұсыну болып табылады. Негізгі зерттеу әдісі  әдебиеттерге шолу және талдау болып табылады. Цифрлық технологияны қолдану, интерактивті оқыту әдістерін және жобалық тапсырмаларды пайдалану функционалдық сауаттылықты дамытуға оң әсер етеді. Дегенмен, оқушылардың  өзін-өзі реттеуіне және қашықтан теориялық материалды қабылдауына байланысты қиындықтар да анықталды. Қорытындылай келе, цифрлық дағдыларды дамытуды, оқушылардың дербестігін қолдауды және тәжірибеге бағытталған тапсырмаларды пайдалануды қамтитын қашықтан оқытуды ұйымдастыруға кешенді тәсілдің қажеттілігі туралы қорытындылар жасалды.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи